Базалық зейнетақы төлемін тағайындау

    Базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін еңбек өтіліне не есепке алынады?

    Қазақстан Республикасында жасына байланысты базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Оны айқындау кезінде заңнамада көзделген еңбек қызметінің кезеңдері және еңбек өтіліне теңестірілген өзге де кезеңдер есепке алынады.

    Базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін еңбек өтіліне мыналар кіреді:

    • 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілі;
    • 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер;
    • Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген өзге де кезеңдер.

    Бұл ретте еңбек кітапшасының болуы онда көрсетілген барлық кезеңдердің еңбек өтіліне міндетті түрде есепке алынатынын білдірмейтінін ескеру қажет. Тиісті кезеңдер заңнамада белгіленген тәртіппен құжат жүзінде расталуға тиіс.

    Неліктен еңбек өтілін алдын ала тексеру маңызды?

    Зейнетақы жүйесіне қатысудың расталған өтілі неғұрлым ұзақ болса, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері де соғұрлым жоғары болуы мүмкін.

    Сондықтан азаматтарға еңбек кітапшасын, архивтік анықтамаларды және зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді алдын ала тексеру ұсынылады.

    Құжаттарды уақтылы тексеру еңбек өтілін растаудағы ықтимал олқылықтарды анықтауға және зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш бергенге дейін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары