Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының материалдық-техникалық базасы авариялық-құтқару жұмыстарын тиімді әрі жедел жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылды.
Құтқарушылардың күнделікті қызметінде пайдалану үшін түрлі бағыттағы арнайы жабдықтар сатып алынды.
Атап айтқанда, Атап айтқанда, 1 комплект пневматикалық секірмелі құтқару құрылғысы, 2 бензорез, 10 топтық фонарь, 5 есік пен құлыптарды ашуға арналған арнайы құрал, 5 дана 4K бейнетіркегіш, 5 экшн-камера, 1 комплект FPV дроны, 1 комплект криминалистикалық чемодан, 100 су өткізбейтін қорғаныш костюмі, 6 сақина кесуге арналған арнайы құрал, 2 прожектор, 1 тепловизор, 3 планшет және 2 громкоговоритель алынды.
Жаңа құрал-жабдықтар құтқарушылардың техникалық мүмкіндігін арттырып, авариялық-құтқару жұмыстарын қысқа мерзімде әрі қауіпсіз орындауға ықпал етеді.
Басты мақсат – төтенше жағдай кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құтқару жұмыстарын сапалы әрі жедел ұйымдастыру.







