Шымкент қаласының Ұлағат шағынауданында кәріз желілерін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2021 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. 2022–2023 жылдары құрылыс жұмыстарына бюджет қаражаты бөлініп, құрылысты мердігер «АлемСтрой-1» ЖШС жүзеге асырған. Нысанды қабылдау актісі 2024 жылдың соңында рәсімделген. Жоба аясында жалпы ұзындығы 40,9 шақырымды құрайтын кәріз желілерінің құрылысы толық көлемде орындалып, жұмыстардың орындалу көрсеткіші 100 пайызды құраған. Алайда, мердігер мекеме тарапынан жұмыстар толық орындалмай, құрылыстың көлемі мен сапасына қатысты бірқатар сәйкессіздік анықталған. Осыған байланысты тексеру жүргізіліп, міндеттемелерін тиісінше орындамаған мердігерге қатысты тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, төрт көшеде жалпы ұзындығы шамамен 700 метр кәріз құбыры тартылмаған, кәріз-сорғы станциясы жұмыс істемеген, құдықтар бітеліп, жол жабыны қалпына келтірілмеген. Аталған кемшіліктерді жою мақсатында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының ұйымдастыруымен демеушілік қаражат есебінен жетіспейтін құбырлар тартылып, кәріз-сорғы станциясы іске қосылды. Сонымен қатар, құдықтар тазартылып, олардың түбі бетонмен бекітілді. Қазіргі таңда кәріз жүйесі іске қосылып, 2 200-ден астам абонентке орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік жасалды. Тұрғындар орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылу үшін «Су құбыры және кәріз басқармасы» МКК-ға eGov электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беруі қажет.
ҰЛАҒАТ ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ-тың мерейтойлық даталарына орай «HasSak» ансамблінің концерті өтті
Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының ЕлшілігіАшу
Қызылорда облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
ҚР ІІМАшу
Қазақстан мен Иордания Астана-Амман арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі ЕлшілігіАшу
Ұрлық жасап, жол үстінде ұсталды: ШҚО-да мал ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды
ҚР ІІМАшу
Қазақстан мен Иордания мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі ЕлшілігіАшу
""Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ" жаңалықтары

Суды жеке есепке алу аспаптарын орнату мәселелері бойынша түсіндірме жүргізілді.
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшу
ШЫМКЕНТТЕ ЖЕРАСТЫ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАҢАРТЫЛУДА
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшу
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшу
ГАЗ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшу
ТҰРАН АУДАНЫНДА КӘРІЗ ЖЕЛІСІНІҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшу