Шымкентте тағы 30 отбасыға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы үйлер Бозарық және Асар-2 шағынаудандарында орналасқан. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Айта кетейік, көп қабатты үйлер заманауи талаптарға сай салынып, жайлы өмір сүруге қажет инженерлік-коммуникациялық жүйелермен жабдықталған.
Пәтерлер мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы және толық емес отбасыларға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.
30 отбасы үшін пәтер кілттерін алу маңызды оқиғаға айналып отыр. Қала тұрғындары баспанамен қамтамасыз еткені үшін алғыс білдіріп, көрсетілген қолдауға ризалықтарын жеткізді.
Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.









