Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!
Қала өміріне қатысты мәселелер туындаса, i-Shymkent 109 байланыс орталығына хабарласа аласыз.
i-Shymkent 109 – тәулік бойы, аптасына 7 күн жұмыс істейтін байланыс орталығы.
Орталық қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштерді қабылдап, тиісті жауапты мекемелерге жолдайды.
Қандай мәселелер бойынша өтініш қалдыруға болады?
· Аулалар мен қоғамдық орындардың тазалығы;
· Көшелер мен аулаларды жарықтандыру;
· Электр энергиясы мен газға қатысты мәселелер;
· Су құбыры және кәріз жүйесі;
· Жолдардың жағдайы мен шұңқырлар;
· Қатты тұрмыстық қалдықты шығару;
· Қаңғыбас иттер мен мысықтар;
· Ашық тұрған және қақпақсыз құдықтар;
· Қоғамдық көліктің жұмысы;
· Денсаулық сақтау және білім беру салалары;
· Әлеуметтік қолдау және басқа да қалалық мәселелер.
Қала тұрғындары төменде көрсетілген әдістер арқылы өз өтінішін қалдыра алады:
1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы;
2. WhatsApp +7 (777) 710-91-09 нөміріне жазу арқылы;
3. Instagram парақшасында жекеге жазу арқылы: ishymkent.109
4. Facebook: IShymkent Kz
5. Telegram-bot: @shymkent_109_bot
6. Мобильді қосымша: Komek 109









