ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауыменAI Labs тұжырымдамасы аясында Astana Hub пен Гент университеті (Бельгия) Alem.ai орталығында жасанды интеллект және математика бойынша бірлескен зертхана ашады. Зертхана екі елдің ғалымдарын бірлескен зерттеулер жүргізу, таланттарды даярлау, стартаптар құру және халықаралық қаржыландыру тарту үшін біріктіреді.
Зертхана Alem.ai алаңында әлемнің жетекші университеттерімен бірлескен зерттеулерді дамытуға бағытталған AI Labs тұжырымдамасының құрамдас бөлігіне айналады.
Математика — жасанды интеллекттің (ЖИ) негізі: кез келген ЖИ-моделіноқыту оңтайландыру әдістеріне, статистикаға және ықтималдықтар теориясына сүйенеді. Сондықтан зертхана іргелі математиканы жасанды интеллекттің қолданбалы міндеттерімен ұштастырады.
Гент университетінің және Қазақстанның ғалымдары, соның ішінде қазақстандық ғылыми диаспора өкілдері, бірлескен зерттеу жобалары жүзеге асырып, жаңа ЖИ-технологияларды әзірлейді және жас зерттеушілерді даярлайды. Алғашқы бағыттар - жекелендірілген оқытуда жасанды интеллект пен нейротехнологияларды қолдану және Паркинсон ауруын ерте анықтауға арналған ЖИ негізіндегі шешімді әзірлеу.
Ресми сапар аясында ғарышты зерттеуге және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатын телескопты табыстау рәсімі де өтті.
Тараптар Horizon Europe бағдарламасының гранттарына бірлесіп өтінім беруді және зертхананың зерттеулері мен әзірлемелеріне инвестиция тартуды жоспарлап отыр.
Зертхана жұмысының басты нәтижелері — жасанды интеллект пен математика саласындағы жаңа таланттар, технологиялық стартаптар және бірлескен ғылыми жобалар.
Анықтама ретінде
Гент университеті(Universiteit Gent) — 1817 жылы құрылған, Бельгияның жетекші зерттеу университеттерінің бірі.
Horizon Europe— Еуропалық Одақтың 2021–2027 жылдарға арналған зерттеулер мен инновацияларды қаржыландыру жөніндегі негізгі бағдарламасы.









