«Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 студенті» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының 7 студенті жеңімпаздар қатарына енді.
Конкурс колледж студенттерінің кәсіби білімін, тәжірибелік дағдыларын, жеке жетістіктері мен белсенділігін бағалауға бағытталған.
Маңғыстау облысынан республикалық кезеңнің жеңімпаздары атанған студенттер, олар:

Қайрақбай Сұлтанбек Рахатұлы – Маңғыстау туризм колледжінің 4-курс студенті (жетекшісі – Иманғалиева Ұлпан);

Ерболатқызы Мәдина – Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің 3-курс студенті (жетекшісі – Берішбаева Жанар);

Ермек Ақбота Сағидуллақызы – «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінің 4-курс студенті (жетекшісі – Хайруллаева Алия);

Қуатбаева Айсара Полатовна – Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің 4-курс студенті (жетекшісі – Калиева Салтанат);

Атапкелұлы Алмат – Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің 4-курс студенті (жетекшісі – Қазиева Майра);

Жарбосын Жантілек Амангелдіұлы – Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің 4-курс студенті (жетекшісі – Макарова Венера);

Қасанов Сұлтан – Қарақия кәсіптік колледжінің 3-курс студенті (жетекшісі – Жөнелбек Жангүл).
Жеңімпаз студенттер мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!
Алдағы уақытта білім алуда, кәсіби дамуда және жаңа бастамаларда табыс тілейміз!