Бүгін стандарттау саласының жұмыскерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді

    14 қазан күні Қазақстанда Стандарттау жұмыскерлерінің күні атап өтіледі. Бұл сала мамандары тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеп, олардың қолданысқа енгізілуіне атсалысады.

    Стандарттарды сақтау тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, өндіріс процестерін жетілдіруге және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Саланың кәсіби мамандары технологиялардың дамуы мен өнім түрлерінің көбеюін ескере отырып, стандарттарды уақтылы жаңартып, оларды қолдану тәсілдерін жетілдіріп отырады.

    Мереке құтты болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Целиноград ауданының әкімдігі" жаңалықтары