2026 жылғы 13 қазанда сағат 18:00-де Абай облысы Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс барысында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге байланысты үш мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша комиссия Абай облысы Жарма аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті.
Екінші мәселе аясында сайлау инфрақұрылымының жай-күйі қаралды. Атап айтқанда, сайлау комиссияларының құрамдары, сайлау округтері, олардың тізімдерін жариялау, сондай-ақ сайлаушыларды сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы уақтылы хабардар ету мәселелері талқыланды.
Үшінші мәселе бойынша округтік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі бекітілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды. Абай облысы Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған алдағы ұйымдастырушылық іс-шараларды айқындады.
Абай облысыЖарма ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы









