Ағымдағы жылдың 9 қазанында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімімен трансмиссивтік аурулар тасымалдаушыларына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинарға қаланың аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты мамандары қатысты.
Іс-шара барысында Қытай Халық Республикасында өткен халықаралық оқыту материалдары таныстырылып, энтомологиялық мониторинг жүргізу, тасымалдаушылардың өсіп-өну орындарын анықтау және дезинсекциялық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша практикалық мәселелер қарастырылып, мамандарға тиісті түсіндірмелер берілді.









