Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселелері талқыланды

    Ағымдағы жылдың 9 қазанында уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау салалары жөніндегі салалық кеңестің отырысы өткізілді.

    Іс-шараға Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова мен білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Гүлнәр Сахиқызы Кәкімова қатысты.

    Отырыс барысында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын міндетті лицензиялау мәселелері қаралып, туындаған сұрақтардың шешу жолдары талқыланды.

    Департамент өкілдері мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндіріп, кәсіпкерлік субъектілерінің сұрақтарына жауаптар беріп, бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар ұсыныстар берді.

    Кеңес қорытындысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын міндетті лицензиялау жұмыстарын ұйымдастыру үшін ведомствоаралық байланысты күшейту жөнінде мақұлданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары