Талдықорғанда 2,8 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

    Талдықорғанда 2,8 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

    Талдықорғанда 2026 жылдың тоғыз айында 2803 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды. Олардың жартысына жуығы тұрақты, ал қалғандары мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасты. Қазіргі уақытта қалада 319 бос жұмыс орны бар, ал жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 4 мыңға жуық.
    Бүгінде азаматтарды еңбекке тарту бағытында бірқатар мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, қоғамдық жұмыстарға тартылғандар саны 834 адамға жетті. «Күміс жас» жобасы мен қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша да жоспар толық орындалды. Сонымен қатар жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындары арқылы азаматтарды еңбекке орналастыру жұмыстары жалғасуда.
    Жұмыспен қамту шараларында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға да басымдық берілген. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарды, пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша арнайы тетіктер қарастырылған.
    Жұмысқа орналасумен қатар, азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау да маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Мемлекет белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға өз кәсібін ашу үшін 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант ұсынады.
    Қолдауға жұмыссыздар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың өкілдері, мүгедектігі бар азаматтар, қандастар және басқа да белгіленген санаттағы азаматтар үміткер бола алады. Қазіргі уақытта бірінші кезеңнің жеңімпаздары жобаларын іске асыруға кіріскен, ал екінші кезең бойынша жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Жайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары