9 айда мемлекеттік бюджеттің кірісі 16,3% ұлғайды

    Биылғы 9 айдың қорытындысына сәйкес (трансферттерді есепке алмағанда) мемлекеттік бюджеттің кірістері 20,2 трлн теңгеге немесе жоспар бойынша 98,5% жетті. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда табыс 16,3% немесе 2,8 трлн теңгеге артты. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев айтып берді.

    «Есепті кезеңде мемлекет тарапынан әлеуметтік міндеттемелердің қаржыландырылуы орындалды. Республикалық бюджеттің кірісі жоспарланған көрсеткіштерге жетеғабыл», деді Мәди Төкешұлы.

    Айталық, республикалық бюджеттің кірісі 2,7 трлн теңгеге немесе 26% артты. Бұл өсім экспорт тауарларының әлемдік бағасымен, сауда айналымдарының ұлғаюымен және салық мөлшерлемелерінің өзгеруімен байланысты. Жыл соңына дейін салық базасын кеңейтіп, басқару сапасын арттыруға баса мән беріледі.

    Мемлекеттік бюджет шығыстары 98% орындалып, қаржыландыру көлемі 26,2 трлн теңгеге жетті. Республикалық бюджеттің шығыстары 99,6% орындалғанын ескерсек, оның көлемі 19,6 трлн теңге болды. Зейнетақы мен жәрдемақыға 5,3 трлн теңге бөлініп, өңірлерді қолдауға 4,4 трлн теңге және нақты секторды қолдауға 2 трлн теңге бағытталды.

    Жергілікті бюджеттердің кірісі 6,9 трлн теңгеге немесе жоспарға сәйкес 96,1% ұлғайды. Түспеген соманың мөлшері – 278,3 млрд теңге. Жоспар 9 өңірде орындалған жоқ: Атырау, Павлодар және Маңғыстау облыстары қалыс қалған. Жергілікті бюджеттің шығыстары 96,3% атқарылып, 458,4 млрд теңге орындалмаған. Министр жыл соңына дейін бюджеттің уақтылы және сапалы атқарылуы үшін тиісті шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.

    Есепті кезеңде бизнеске 811,5 млрд теңге ҚҚС қайтарылды. Кедендік төлемдер 3,9 трлн теңгеге артып, 706 млрд теңгеге ұлғайды. Шекаралық инфрақұрылымды дамыту және кеден қызметіндегі рәсімдерді жеңілдету бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

    Арнаулы мемлекеттік қор есебінен жалпы құны 617,7 млрд теңгеге 501 жоба іске асырлып келеді. 351 нысан аяқталды. Инфрақұрылымдық даму қоры есебінен жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 262 жобаға (оның ішінде денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және көлік салаларына арналған) тиісті қаражат бөлінді. Государственный орган басшысы құрылысты аяқтап, аталған нысандарды іске қосуға дайындау қажет екенін жеткізді.

    Әлеуметтік саланы цифрландыру орынсыз төлемдердің алдын алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мониторинг пен антифрод-бақылаудың арқасында 9 айда 23,4 млрд теңгеге қаржылық шығындардың алдын алды. Qalqan платформасында медициналық қызметтердің 57 түріне байланысты төлем жасау функционалы жолға қойылды. Білім беру ісін қаржыландырудың цифрлы жүйесіне 6 634 мектеп қосылды. Көшірме мәліметтер мен жалған есепті анықтауға бағытталған контингентті салыстыру жұмысы 34 млрд теңге үнемдеуге септесті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" жаңалықтары