2026 жылғы 13 қазанда «Орталық Азиядағы жастардың құқықтары» тақырыбында гибридті форматта дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының өңірлік мүшелері онлайн форматта қатысты.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты жастар арасындағы диалогты нығайту және жастарды мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде білім алу, жұмыспен қамту және әлеуметтік мүмкіндіктерге қол жеткізу мәселелерін талқылау болды.
Іс-шара аясында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның ұлттық тәжірибелері таныстырылып, БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) сарапшылары сөз сөйледі.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтарын қорғау, олардың әлеуетін дамыту және Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан маңызды.









