ЖАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНУҒА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

    ⚖️ ЖАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНУҒА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

    Құрметті азаматтар!

    Мүгедектікті белгілеу кезінде медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) ұсынылатын медициналық құжаттар мен мәліметтердің шынайы болуы өте маңызды.

    МӘС адамның денсаулық жағдайын, ағза функцияларының тұрақты бұзылуын және тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалау негізінде жүргізіледі.

    Осыған байланысты медициналық құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу, жалған құжаттарды ұсыну немесе мүгедектікті белгілеу мақсатында денсаулық жағдайы туралы жалған ақпарат беру заңнама талаптарына қайшы келеді және заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

    Ұсынылған медициналық құжаттардың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда, олар белгіленген тәртіппен қайта тексерілуі мүмкін.

    📌 Естеріңізде болсын: медициналық құжаттардың шынайылығы — мүгедектікті объективті әрі негізді белгілеудің маңызды шарты.

    Өз құқықтарыңызды біліңіз және заңнама талаптарын сақтаңыз!

    “Заң мен тәртіп”— әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.

    #ЗаңЖәнеТәртіп
    #ӘлеуметтікҚорғау
    #МедициналықӘлеуметтікСараптама
    #ЕңбекЖәнеХалықтыӘлеуметтікҚорғауМинистрлігі
    #ҰлытауОблысы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ" жаңалықтары