Жеке көмекшінің қызметтерін ұсынудың медициналық көрсеткіштері:
1) абсолютті соқырлық;
2) екі көздің көру өткірлігі түзетумен 0,03 дейін;
3) айтарлықтай немесе күрт анықталған вестибулярлық-церебральды бұзылулар;
4) айтарлықтай немесе айқын гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
5) паркинсонизм (айтарлықтай немесе айқын акинетикалық-регидтік форма);
6) айтарлықтай немесе айқын: гемипарез, төменгі парапарез, трипарез, ауруларға немесе жарақаттардың салдарына байланысты;
7) гемиплегия, триплегия, параплегия;
8) қан айналымы және тыныс алу функцияларының Елеулі немесе күрт айқын көрінген бұзылулары (III сатыдағы қан айналымының жеткіліксіздігі, IV функционалдық сыныптағы стенокардияға сәйкес коронарлық жеткіліксіздік, II-III және III сатыдағы өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен ұштастыра отырып III дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі және басқалар);
9) зәр шығару жүйесі функциясының айтарлықтай немесе күрт айқын көрінген бұзылулары (III-IV дәрежелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);
10) III-IV дәрежелі буындар функциясының бұзылуымен организмнің статодинамикалық функцияларының Елеулі немесе күрт айқын көрінген бұзылулары;
11) протездеуге жатпайтын және жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын екі жоғарғы аяқтың ампутациялық діңгектері;
12) протездеуге жатпайтын және қозғалыс құралдарын пайдалануды қиындататын екі жоғарғы аяқтың дамуының туа біткен ауытқулары;
13) протездеуге жатпайтын екі жамбастың ампутациялық діңгектері;
14) қозғалу құралдарын пайдалануды қиындататын жоғарғы аяқ-қолдардың айқын функционалдық бұзылулары бар протездеуге жатпайтын екі жіліншіктің ампутациялық діңгектері;
15) III үшінші дәрежелі қозғалысының бұзылуымен төменгі аяқ-қолдар дамуының туа біткен ауытқулары;
16) қозғалу құралдарын пайдалануды қиындататын жоғарғы аяқ-қолдардың айқын функционалдық бұзылуларымен ұштастыра отырып, III-IV дәрежелі буындардың функциялары бұзылған екі жамбас немесе тізе буындарының функционалдық қолайсыз жағдайындағы анкилоздар;
17)қозғалу құралдарын пайдалануды қиындататын жоғарғы аяқ-қолдардың айқын функционалдық бұзылуларымен ұштастыра отырып, III-IV дәрежелі буындардың функциялары бұзылған екі жамбас немесе тізе буындарының айтарлықтай немесе күрт айқын көрінген контрактуралары.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін мынадай аурулар жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерінің бірінші тобындағы мүгедектігі бар адамдарға ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады:
1) бактерия бөлетін туберкулез (БК+);
2) тері мен шаштың жұқпалы аурулары;
3) жыныстық жолмен берілетін аурулар;
4) невроздарды, неврозға ұқсас күйлерді, жеңіл дәрежелі дебильділікті, сирек кездесетін (2-3 айда бір реттен көп емес) ұстамалары бар, деменциясыз және жеке басының айқын өзгерістерінсіз әртүрлі этиологиядағы конвульсиялық синдромдарды қоспағанда, психикалық бұзылулар.
Жеке көмекшінің қызметтерін көрсетуге медициналық қарсы көрсетілімдер:
1) бактерия бөлетін туберкулез (БК+);
2) тері мен шаштың жұқпалы аурулары;
3) жыныстық жолмен берілетін аурулар;
4) психикалық бұзылулар








