1 / 2
2026 жылғы 12 қазанда Ақмола облысының әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырыста Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары У.Б. Бейсембаев баяндама жасады. Кездесу барысында қатысушылар өндірістік жарақаттану, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ЕШЕБЖ) сәйкессіздіктер және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өндірістік жарақаттану фактілеріне жол берген кәсіпорындардың басшыларының есептері тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша өңір кәсіпорындарында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылданды.








