«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы 6 қазанда Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Е.А. Абжатов Кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Іс-шараның ресми бөлімінде кәсіподақ ұйымдарының өкілдері Департамент басшылығына жемісті ынтымақтастық үшін алғыстарын білдірді. Азаматтардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудағы еңбек инспекциясының негізгі рөлі, сондай-ақ өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсартуға бағытталған бастамалардың жоғары тиімділігі ерекше атап өтілді.









