Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов жауынгерлік самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жансанат Кабдракимовты қабылдап, жоғары жетістігімен құттықтады.
Жансанат 2007 жылы Мәртөк ауданында дүниеге келген. 2017–2022 жылдары Мәртөк балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөлімінде бапкер Тілеуқабыл Амантурлиевтің жетекшілігімен жаттыққан.
2026 жылғы 2–4 қазанда Грекияның Салоники қаласында өткен жастар арасындағы жауынгерлік самбодан әлем чемпионатында 79 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленіп, күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Филиппиннің Манила қаласында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Кездесу барысында аудан басшысы спортшыға демеушілер есебінен бір бас жылқы табыстап, алдағы жарыстарына және оқуына сәттілік тіледі.
Қазіргі таңда Жансанат Алматы қаласындағы ауыл шаруашылығы бағытындағы жоғары оқу орнының 3-курс студенті, «Агроинженерия» мамандығында білім алуда.
Жерлесімізді жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы додаларда биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!









