МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ: ӘЛЕУМЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАР 913 ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ

    МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ: ӘЛЕУМЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАР 913 ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ

    2026 жылдың алғашқы тоғыз айында мүгедектігі бар адамдар мен арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың құқықтарын сақтау бойынша 913 тексеру жүргізілді. Тексеруді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріндегі мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар өткізді. Нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 625 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 67 млн теңгеден асатын 290 айыппұл салынды. Тексерулердің 335-і жоспардан тыс жүргізілсе, 452-сі профилактикалық бақылау аясында өтті. Ал 126 тексеру прокуратураның талабы бойынша ұйымдастырылды. Мұндай тексерулер еліміздің барлық өңірін қамтыды. Тексеру ең көп жүргізілген өңірлердің қатарында Алматы облысы (110), Алматы қаласы (81), Астана қаласы (79), Түркістан облысы (63) және Батыс Қазақстан облысы (56) бар. Әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігіне, қауіпсіздігіне және қажетті әлеуметтік қызметтерді кедергісіз алу мүмкіндігіне ерекше назар аударады. Олар арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуін, әлеуметтік және көлік нысандарының қолжетімділігін, сондай-ақ оңалту шараларының орындалуын тексереді. Қолжетімді орта – ғимаратта пандус пен тұтқалардың болуымен ғана шектелмейді. Ең бастысы, мүгедектігі бар адам ғимаратқа кедергісіз кіріп, оның ішінде еркін қозғалып, қажетті қызметтерді қауіпсіз әрі қиындықсыз алуы керек. Ол үшін қозғалыс бағытының барлық учаскесі қолжетімділік талаптарына сәйкес болуы қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары