Қарттар күніне арналған іс-шара өтті.

    1 / 2

    1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қайнарлы ауылында ардагерлер мен қазыналы қарттарға құрмет көрсету мақсатында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
    Іс-шара барысында ауылдың ақсақалдары мен әжелеріне жылы лебіздер айтылып, ізгі тілектер білдірілді. Қатысушыларға арналып мерекелік концерт қойылып, әндер шырқалып, билер орындалды.
    Қарттарымыз – кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, өнегесімен үлгі болып келе жатқан асыл жандар. Іс-шара соңында барша қарттарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілеп, сый-құрмет көрсетілді.
    Қарияларымызға құрмет көрсету – баршаға ортақ парыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар