Мамлют ауданының әкімі Елена Федоровна Степаненконың төрағалығымен Мамлют ауданы әкімдігі жанындағы «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері, ауылдық округтер мен Мамлютка қаласының әкімдері, Отбасын қолдау орталығының директоры, ауылдық округтер мен Мамлютка қаласының қоғамдық кеңестері мен ардагерлер кеңестерінің төрағалары, сондай-ақ Леденев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Комиссия мүшелері полиция бөлімінің, аудан әкімінің орынбасарының, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия өкілдерінің, аудан әкімі аппаратының, Леденев ауылдық округі әкімінің және Леденев ауылдық округі Қоғамдық кеңесінің ақпараттарын тыңдады.
Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
Криминогендік жағдайдың жай-күйі және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қоғамға қайта бейімдеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
2025–2030 жылдарға арналған қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ Ведомствоаралық комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша берілген ұсынымдардың орындалу нәтижелері туралы.
2027 жылға арналған «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарын өткізу жоспарының жобасы туралы.
Отырыс барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу, сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын нығайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және Комиссияның алдыңғы отырыстарының қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі алдағы шараларды талқылады.









