Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші қамалды

    Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізіп, оның барысында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қала аумағындағы жол қозғалысына тұрақты мониторинг жүргізуде.
    Мониторинг барысында полиция қызметкерлерінің назарына күдік тудырған азамат ілікті.
    Аталған ақпарат дереу жақын маңдағы патрульдік полиция экипажына жеткізілді. Полиция қызметкерлері жедел түрде тиісті шаралар қабылдап, көлік құралын тоқтатты.
    Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқарғаны анықталды. Полиция қызметкерлері 36 жастағы қала тұрғынын полиция бөліміне жеткізді.
    Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
    Полиция жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмауға шақырады. Мас күйінде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.
    “Заң мен тәртіп” қағидатын сақтау – әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары