Маңғыстау ауданы полиция бөлімінде жеке құрамның қатысуымен апталық жұмыс жиыны өткізілді. Жиынға полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Б. Берікбаев төрағалық етті.
Жиын барысында өткен аптаның қызметтік жұмыс нәтижелері сараланып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне азаматтармен қарым-қатынас барысында заңдылық пен әдеп нормаларын қатаң сақтау, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқару және жүктелген тапсырмаларды сапалы әрі уақытылы орындау қажеттігі ескертілді.
Жиын қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, олардың орындалуын бақылауда ұстау тапсырылды.
Маңғыстау ауданы полиция бөлімі









