“ҚҰМКӨЛ ТРАНС СЕРВИС” ЖШС-ДЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 2

    Департаменттің бас маманы–мемлекеттік еңбек инспекторы Р.Әбдіраманов "Құмкөл Транс Сервис" ЖШС-де еңбек заңнамасының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді.
    Тексеру барысында еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне деректерді енгізу қағидаларының сақталуы, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының болуы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыскерлерді оқыту талаптарының орындалуы қаралды.
    Сонымен қатар, ұжыммен кездесу өткізіліп, еңбек заңнамасы мен еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" жаңалықтары