Қарақия ауданының әкімі Жансейт Қайнарбаевтың төрағалығымен аудан аумағындағы ірі өндірістік және шаруашылық мекемелерінің басшыларымен маңызды жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында өңірдегі еңбек нарығының ахуалы, бос жұмыс орындарын тиімді игеру тетіктері және алдағы жылға арналған стратегиялық жоспарлар жан-жақты талқыланды.
Кездесудің басты өзегі жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне арналып, бұл бағыттағы жұмыстардың қатаң бақылауда болатыны атап өтілді. Жиын барысында аудан басшысы аудан аумағында жұмыс істеп тұрған барлық ірі кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларына жергілікті халықты міндетті түрде жұмысқа тартып, әлеуметтік жауапкершілікті күшейту қажеттігін қатаң ескертті.
Сондай-ақ кадр тапшылығын жою және мамандарды қайта даярлау курстарын ұйымдастыру мақсатында кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы билік арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу жолдары айқындалып, алдағы кезеңге арналған міндеттер бекітілді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі









