КЕНТАУДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН АШЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

    КЕНТАУДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН АШЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ
    Кентау қаласында грек-рим күресінен 2013, 2014 және 2015 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортқа еңбегі сіңген спорт ардагері Есқара Тоқтасынұлының құрметіне арналған ашық республикалық турнир өтуде.
    Турнирдің ашылуына қатысқан қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Салт-дәстүрімізге сәйкес спорт ардагеріне құрмет көрсетілді.
    Спорттық дода 7-9 қазан күндері аралығында 14 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылуда.
    Жарысқа Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан, сондай-ақ Түркістан облысының Түркістан қаласы мен Кентау қаласы, Ордабасы, Сайрам, Созақ, Сарыағаш, Мақтаарал және Шардара аудандарынан келген жас спортшылар қатысуда.
    Сонымен қатар, байрақты бәсекеге көршілес Қырғыз Республикасының балуандары да арнайы қатысып, өзара мықтыны анықтауда.
    Жалпы жарысқа 200-ден астам жас балуан қатысып, жеңіс жолында бақ сынауда.
    Турнирдің негізгі мақсаты – жас балуандардың спорттық шеберлігін арттыру, грек-рим күресін кеңінен насихаттау және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары