КЕНТАУҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ АЯСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

    1 / 3
    КЕНТАУҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ АЯСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ
    Кентау қаласының әкімдігі, қалалық мәслихаты және «QazKen Cement» ЖШС жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісімге қол қойды. Құжат қаланың дамуына, тұрғындарды жұмыспен қамтуға және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
    Келісімге сәйкес, компания геологиялық барлау лицензиясын алған жағдайда, барлауға жұмсалатын жылдық шығынның 3%-ы қолданыстағы заңнама аясында Кентау қаласының бюджетіне аударылады.
    Жоба бойынша жаңа жұмыс орындары ашылса, жұмыс жүргізілетін аумақта тұратын жергілікті тұрғындарға басымдық беріледі. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтарға, зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға және төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсету көзделген.
    Инвестор экологиялық және су заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға, жұмыстар аяқталған соң жер учаскелерін рекультивациялауға міндеттенді. Жұмыс аумағына іргелес жалпыға ортақ жолдардың техникалық жағдайын тиісті деңгейде ұстауға да қолдау көрсетіледі.
    Құжатқа Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов және «QazKen Cement» ЖШС директоры Ерлан Бейсен қол қойды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары