Қарағанды облысында жылыту маусымында тұрғын үй секторындағы өрттердің және адам өлімінің алдын алуға бағытталған «Ата-ананың үйін тексеріңіз» республикалық акциясы жалғасуда. Акция аясында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды ата-аналарының, әсіресе егде жастағы жақындарының үйіндегі өрт қауіпсіздігіне назар аударуға шақырады.
Үй қауіпсіздігін тексеру кезінде:
- пештің және мұржаның жарамдылығына көз жеткізіңіз;
- мұржаны уақытылы тазалаңыз;
- электр сымдары мен жылыту құралдарының жағдайын тексеріңіз;
- үйге автономды өрт хабарлағыштары мен көміртегі тотығы датчиктерін орнатыңыз.
Қамқорлық — жылы сөзбен ғана емес, нақты әрекетпен де көрінеді. Ата-анаңыздың үйіне барып, қауіпсіздігін тексеріңіз. Өйткені дер кезінде жасалған қарапайым әрекеттердің өзі үлкен қауіптің алдын алуы мүмкін. Жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз. Оларды қорғау — әрқайсымыздың міндетіміз!









