
Қарттар күніне орай Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде ардагерлерге арналған ерекше кездесу өтті.
Департамент ұжымы ардагерлерді құрметпен қарсы алып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Азаматтық қорғау органдарында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, халықтың қауіпсіздігі мен ел тыныштығын қамтамасыз етуге үлес қосқан ардагерлердің орны ерекше. Кездесу барысында ардагерлерге заманауи техника, жеке құрамның жабдықталу деңгейі және қызметтік дайындығы таныстырылды. Ардагерлерге арнап ақ дастархан жайылып, ел ағалары мен үлкендерге құрмет көрсетілді. Жылы жүздесуде олар қызмет жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, құтқарушы мамандығының жауапкершілігі мен абыройын айшықтайтын әсерлі әңгімелер айтты.
Қазыналы қариялардың еңбегі мен ерлігі – кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге. Ардагерлерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз!









