Қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы өндірісінің білгір жетекшісі, «Социалистік Еңбек Ері», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаеваның 90 жылдық мерейтойына арналған«Еңбегімен еленген ел анасы» тұлғатану сағаты

    1 / 5

    С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы өндірісінің білгір жетекшісі, «Социалистік Еңбек Ері», "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаеваның 90 жылдық мерейтойына арналған «Еңбегімен еленген ел анасы» тұлғатану сағаты өтті.

    Шараныңнегізгі мақсаты – ел тарихында өзіндік орны бар дара тұлға Зылиха Тамшыбаеваның өнегелі өмірі мен еңбек жолын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа оның елге қызмет етудегі азаматтық ұстанымын, қажырлы еңбегін, іскерлік қабілетін және адамгершілік қасиеттерін үлгі ету. Сонымен қатар тұлғаның өмір жолы арқылы адал еңбек, елге қызмет ету, жауапкершілік, отансүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілік және ұрпақ сабақтастығы сынды құндылықтарды дәріптеу болды.

    Шара барысында кітапхана оқырмандарына Зылиха Жанболатқызының өмірі мен еңбек жолына арналған «Өнегелі өмір – ұрпаққа аманат» атты бейнеролик көрсетілді. Бейнематериал арқылы қайраткердің ел игілігі жолындағы ерен еңбегі, ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі кеңінен таныстырылды.

    Сонымен қатар кітапхана қорындағы әдебиеттер негізінде ұйымдастырылған «Ел игілігі жолындағы еңбек» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге Зылиха Тамшыбаеваның өмірі мен қызметі туралы деректер, тарихи-танымдық басылымдар, фотоматериалдар мен тұлғаға қатысты әдебиеттер қойылды. Арнайы шақырылған қонақтар – М. Тынышбаев атындағы музейдің бөлім меңгерушісі Айгерім Бекенқызы және Көксу ауданы, Зылиха Тамшыбай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Диана Елтайқызы елге еңбегі сіңген ардақты тұлғаның өмір жолы мен азаматтық болмысы жайлы ой бөлісті.

    Жас ұрпақты еңбекқорлыққа, елжандылыққа, туған жерді қадірлеуге және ел игілігі жолында аянбай қызмет етуге үндейтін мазмұнды кездесуде «Тарихи детектив» сұрақ-жауап алаңында оқырмандар Зылиха Жанболатқызының өмірі мен еңбек жолына қатысты түрлі сұрақтарға жауап іздеп, өз білімдерін ортаға салды. Қатысушылар тұлғаның еңбек жолындағы маңызды кезеңдерді, елге сіңірген еңбегін, марапаттары мен қоғамдық қызметін саралай отырып, тарихи деректер арқылы Зылиха Тамшыбаеваның қайраткерлік қырын тереңірек таныды. Ел анасының өнегелі ғұмырының әр кезеңі – кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық тағылым екені айқын көрініс тапты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" жаңалықтары