Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды
🔹2026 жылғы 9 қазанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
🔹Іс-шараны Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Бахыт Серікбаевич Қаширбеков өткізді.
🔹Жиын барысында мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптары, заңдылық, адалдық, әділдік қағидаттарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және азаматтармен өзара қарым-қатынаста әдеп нормаларын ұстану мәселелері түсіндірілді.
🔹Мұндай іс-шаралар қызметтік әдепті нығайтуға, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін қалыптастыруға бағытталған.





