Экспорт кезінде ҚҚС қайтару

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 484-бабына сәйкес есепке жатқызылатын қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) сомасын түзету осы бапта және Салық кодексінің 485-бабында белгіленген жағдайларда есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын ұлғайту немесе азайту болып табылады.

    Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын азайту бұрын есепке жатқызылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 484-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсатында пайдаланылған ауыл шаруашылығы өнімдері, балық өсіру өнімі немесе кәсіпшілік балық аулау өнімі бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсатында пайдаланылған ауыл шаруашылығы өнімдері, балық өсіру өнімі немесе кәсіпшілік балық аулау өнімі бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасының 80 пайызын азайту арқылы жүзеге асырылады.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің түсіндірмелеріне сәйкес, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді экспорттау жағдайында жоғарыда көрсетілген түзету қолданылмайды.

    Мысалы, ұнды экспорттау кезінде салық заңнамасының талаптары сақталған жағдайда, ҚҚС-ты қайтару қайта өңдеу өнімі болып табылатын ұнға қатысты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен толық көлемде жүзеге асырылады.

    #Заң_мен_тәртіп #Закон_и_порядок

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары