ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ ҰСЫНУДА ӘЛЕУМЕТТІК МҰҚТАЖДЫҚ ҚАҒИДАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ ҰСЫНУДА ӘЛЕУМЕТТІК МҰҚТАЖДЫҚ ҚАҒИДАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері әлеуметтік төлемдерді ұсыну кезінде азаматтардың әлеуметтік мұқтаждығын бағалау қағидатын енгізуге байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Кездесу барысында 2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдерді ұсыну кезінде қолданылатын жаңа тәсілдің негізгі бағыттары, азаматтардың әлеуметтік жағдайын бағалау тәртібі және әлеуметтік мұқтаждық деңгейіне қарай санаттарға бөлу мәселелері түсіндірілді.
    Атап айтқанда, азаматтарды әлеуметтік А, В және С санаттарына жатқызу талаптары, әлеуметтік мұқтаждықты айқындау өлшемдері және әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну кезінде ескерілетін негізгі қағидаттар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
    Департамент өкілдері әлеуметтік қолдау көрсетуде азаматтардың нақты өмірлік жағдайын ескеру, көмектің нысаналы бағытын айқындау және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру маңызды екенін атап өтті.
    Жаңа тәсілдің негізгі мақсаты – азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін бағалау негізінде қолдау шараларын неғұрлым тиімді ұйымдастыру және әлеуметтік көмектің нақты мұқтаж адамдарға бағытталуына ықпал ету.
    Іс-шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, әлеуметтік төлемдерді ұсыну тәртібі мен әлеуметтік мұқтаждықты бағалау қағидатына қатысты мамандардан түсініктемелер алды.
    Департамент тарапынан халыққа әлеуметтік қорғау саласындағы жаңашылдықтарды түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары