Қарағанды облысының он спортшысы ұлттық құрама сапында V Параазия ойындарында Қазақстанның намысын қорғайды. Олардың әрқайсысы бұған дейін республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып, жүлделі орындарға ие болған.
Биылғы ойындар 18–24 қазан аралығында Жапонияда өтеді.

Паражүзуден Қазақстан атынан Қарағанды облысының алты спортшысы сынға түседі:
* Наталья Звягинцева – 2025 жылғы Қазақстан Республикасы спартакиадасының чемпионы, паражүзуден әлемдік серия кезеңінің жеңімпазы;

* Нұрдәулет Дүйсенбаев – 2026 жылғы Қазақстан чемпионы;

* Сергей Кинах – 2025 жылғы Қазақстан Республикасы спартакиадасының жеңімпазы;

* Диас Кенжебек – паражүзуден 2026 жылғы Қазақстан чемпионы;

* Андрей Афанасьев – 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ол 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден рекорд орнатып, сол жылы ел спартакиадасында жеңімпаз атанды;

* Роман Потапов – Қазақстанның бес дүркін чемпионы.

Арбадағы теннистен ел намысын 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары Евгений Быков

пен Айжан Бүтімбаева қорғайды.

Паражеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы сапында Қарағанды облысының екі спортшысы өнер көрсетеді:
* Дастан Мұқашбеков – 2024 жылы Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері;

* Руфат Хабибуллин – 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.









