1 / 2
«Қауіпсіз үй» іс-шарасы аясында Қармақшы ауданы полиция бөлімінің Жосалы кенті бойынша учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Кент аумағындағы сауда орталықтарына, сауда орындарына және халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға арнайы QR-кодтар орналастырылды.
Аталған QR-кодтар арқылы тұрғындарға қажетті ақпаратқа жедел қол жеткізуге және қауіп туындаған жағдайда тиісті қызметтерге хабарласу мүмкіндігі түсіндірілді.
Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.









