Түркістан облысы ТЖД қызметтік автокөліктерінің техникалық жай-күйі мен қызметке дайындығына саптық байқау жүргізілді
Байқаудың негізгі мақсаты – автокөліктердің техникалық жай-күйін, қызметтік пайдалануға дайындығын, сыртқы тазалығын, қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылуын және тиісті құжаттарының жүргізілуін тексеру.
Саптық байқау барысында автокөліктердің қозғалтқышы, тежеу жүйесі, жарық беру құрылғылары, дөңгелектері, аккумуляторлық батареялары, арнайы дыбыс және жарық сигналдары, сондай-ақ басқа да техникалық тораптарының жарамдылығына назар аударылды. Сонымен қатар жүргізушілердің жол жүру қауіпсіздігі талаптарын сақтауы, көлікті күнделікті күтіп ұстауы және техникалық қызмет көрсетуді уақытылы жүргізуі тексерілді.
Байқау қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою, қызметтік автокөліктерді тұрақты техникалық жарамды жағдайда ұстау және олардың төтенше жағдайларға жедел шығуға дайындығын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. Қызметтік автокөліктердің сенімді әрі қауіпсіз пайдаланылуы азаматтық қорғау бөлімшелерінің жедел әрекет ету қабілетіне тікелей әсер ететіні атап өтілді.
Мұндай саптық байқаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.









