Павлодар облысында пробация есебінде тұрған азамат өз кәсібін ашты

    Павлодар облысында пробация есебінде тұрған азамат өз кәсібін ашты

    Ертіс ауданында пробация есебінде тұрған азамат түзелу және толыққанды әлеуметтік өмірге қайта оралу жолында маңызды қадам жасап, автокөліктерге қызмет көрсету саласында өз кәсібін ашты.

    Азамат үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған және қазіргі уақытта пробация қызметінің есебінде тұр. Қалыптасқан жағдайға қарамастан, ол түзелу жолына түсуге деген ниетін көрсетіп, өзін кәсіпкерлік қызметте жүзеге асыруды шешті.

    Бүгінде оның жеке кәсіпкерлігі қарқынды жұмыс істеп тұр. Кәсіптің негізгі бағыты – автокөлік әйнектерін күңгірттеу және күтім көрсету қызметтерін ұсыну. Кәсіпкер жұмыс үдерісін өз бетінше ұйымдастырып, кәсібін дамытып келеді. Қазіргі таңда оған күн сайын клиенттерден тапсырыстар түсуде. Бұл көрсетілетін қызметтердің сұранысқа ие екенін және кәсіпкердің өз кәсібін одан әрі дамытуға деген қызығушылығын көрсетеді.

    Ертіс ауданының пробация қызметі өкілдерінің айтуынша, еңбекпен қамту және шағын кәсіпкерлікті дамыту сотталғандарды табысты әлеуметтендірудің және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды факторлары болып табылады.

    «Тұрақты жұмыстың немесе жеке кәсіптің болуы адамға өз болашағына жауапкершілікпен қарауға, қабілеттерін жүзеге асыруға және қоғамнан лайықты орын табуға мүмкіндік береді», – дейді пробация қызметінің бастығы Ғалымжан Бейсембаев.

    Бүгінде аудандық пробация қызметінің есебінде шамамен 20 сотталған азамат тұр. Олардың басым бөлігі жұмыспен қамтылған және заң талаптарын сақтап, қалыпты өмір салтын ұстануда. Ал аталған азамат есепте тұрғандардың арасында тек жұмысқа орналасып қана қоймай, өз жеке кәсіпкерлігін ашқан алғашқы азаматтардың бірі болып оты р.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары