
Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2026 жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік қызметтің қорытындыларына, сондай-ақ тәртіп, заңдылық және кадр жұмысының жай-күйіне арналған жедел кеңес өтті.
Кеңеске Департамент бастығы, әділет полковнигі Нұрбек Кабдикаримов төрағалық етті. Іс-шараға ҚАЖ департаментінің басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты мекемелердің бастықтары қатысты.
Кеңес барысында есепті кезеңдегі жедел-қызметтік қызметтің негізгі нәтижелері қаралды. Заңдылықты сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту, сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жеке құраммен жұмыс және кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді. Бос лауазымдарды жасақтау, қызметке кандидаттарды іріктеу, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру және жеке құраммен жүргізілетін тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №19, 20, 21 және 23 мекемелерінің бастықтары атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Мекеме басшылары қызметтің негізгі нәтижелерін баяндап, қосымша назар аударуды қажет ететін проблемалық мәселелерді атап өтті.
Талқылау барысында анықталған кемшіліктерге тиісті баға берілді. Мекеме басшыларына оларды уақтылы жою және заңнама талаптарының сақталуын бақылауды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жеке құрамның назарына құқық қорғау органдары алқасының кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша әзірленген талаптар мен тапсырмалар жеткізілді. Негізгі назар жедел-қызметтік қызметтің тиімділігін арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және басшылардың жеке жауапкершілігін күшейтуге аударылды.
Кеңесті қорытындылай келе, Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Нұрбек Кабдикаримов қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне заманауи тәсілдерді кезең-кезеңімен енгізудің маңыздылығын атап өтті.
— Бүгін біздің алдымызда нақты міндеттер тұр. Бұл — мекемелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, заңдылық пен қызметтік тәртіпті нығайту және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру. Жұмыс үдерістерін тиімді әрі ашық етуге мүмкіндік беретін заманауи цифрлық шешімдерді енгізу ерекше маңызға ие. Сонымен қатар басты басымдық — адам құқықтарын сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ сотталғандарды түзету және әлеуметтік бейімдеу үшін қажетті жағдайлар жасау, — деді Департаментінің бастығы Нұрбек Кабдикаримов.
Кеңес қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мекемелердің басшыларына нақты міндеттер қойылды.







