
Қызылорда облысының Қазалы ауданында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні анықтады.
Рейдтік шара барысында патрульдік полиция инспекторлары түнгі уақытта күдік тудырған «Daewoo Nexia» автокөлігін тоқтатып, жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол 34 жастағы облыс тұрғыны болып шықты.
Тексеру барысында көлік құралын басқарған жүргізушінің масаң күйде болғаны анықталды.
Осы заң бұзушылық үшін ол аудандық соттың қаулысымен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Полиция азаматтарға көлік құралдарын басқару кезінде жол қозғалысы талаптарын қатаң сақтап, мас күйде рөлге отырмауды ескертеді.
Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталады.








