Қазақстанда 289-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

    Қазақстанда 289-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

    Түркістан облысы Ордабасы ауданының Қарааспан ауылында 289-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Жаңа нысан 14 елді мекенде тұратын 14 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдық елді мекендер үшін маңызды.

    Жаңа өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынды. Мұнда жеке құрамның тәулік бойы қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Нысанның жұмысын қамтамасыз ету үшін ТЖМ өрт сөндіру техникасын, байланыс құралдарын, өрт-техникалық жабдықтар мен арнайы киім-кешек берді. Бұл мамандардың шақырту орнына жедел жетіп, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға тиімді ден қоюына мүмкіндік береді.

    Бекеттің іске қосылуы шалғай елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттырып, халыққа көмек көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Іс-шара бекет аумағына ағаш отырғызумен аяқталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары