
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау шеңберінде 2026 жылғы 1 қазанға дейін ҚР Әлеуметтік кодексінің талаптарының сақталуы, сондай-ақ азаматтардың мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қолжетімділігі туралы өтініштері бойынша 34 тексеру жүргізілді, соның ішінде: профилактикалық бақылау – 22, жоспардан тыс тексерулер – 12.
Оның ішінде: арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары – 8, жұмыспен қамту бөлімі – 14 , Қазпошта бөлімшелері – 8, дәріхана – 1, архив – 1, ауруханалар – 1, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі – 1.
Тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 25 нұсқама берілді, 123 бұзушылық анықталды, соның ішінде: – 88 мүгедектікті әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу (мүгедектіктерді әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына, мәдени-көрініс ұйымдарына және спорт нысандарына қолжетімділікпен қамтамасыз етпеу және Жеке оңаоту бағдарламасын орындамау), 35 ҚР арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзу және 3 қорытынды.
1заңды тұлға және 2 лауазымды тұлға объектіге қолжетімділік жасамағыны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 83-бабы бойынша жалпы сомасы 540 625 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
01.10.2026 жылғы жағдай бойынша объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде халықтың қозғалысы шектеулі топтарына қолжетімділікті қамтамасыз ету талаптарына объектілердің сәйкестік декларацияларын келісуге 14 өтініш түсті: оның ішінде өтініш берушілер 5-ін кері қайтарды, 3-іне бас тартылды; 4-і келісілді; 2 өтініш қаралуда.
Бас тарту алған өтініш берушілердің бірі — «Зертеу СК» ЖШС, «Көпфункционалды спорттық құрылысты күрделі жөндеу (А литері «Трибуна», 3 литері «ДЮСШ» және «СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ Есіл ауданының балалар мен жастар спорт мектебі» КММ аумағын абаттандыру» жобасы бойынша Департамент қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағым жасау мақсатында жоғары тұрған орган — ҚР Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне жүгінді.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 24 ұйым жұмыс істейді. Барлық 24 ұйым (стационар – 8, жартылай стационар – 1, уақытша болу – 1, үйге шығу – 14) лицензия алған және 5 мың азаматқа көмек көрсетеді. Үйге шығу қызметтері ең сұранысқа ие болып қалуда, олармен 3380 мыңнан астам адам қамтылған.
Арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, облыста арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдарға лицензия алу қажеттілігі туралы хабарлама жіберілді.
https://www.instagram.com/reel/DeMD5wDIFz_/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==








