Жамбылдық су добы шеберлері Азия ойындарының күміс жүлдесімен елге оралды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жамбылдық су добы шеберлері Азия ойындарының күміс жүлдесімен елге оралды

    Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындарынан күміс жүлдемен оралған Қазақстан су добы құрамасының спортшылары елге келді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

    Аичи-Нагоя өңірінде өткен дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, екінші орыннан көрінген Жамбыл облысының төрт саңлағына құрмет көрсетілді.

    Олар – Сұлтан Шонжигитов, Ақжан Адай, Нұрасыл Сәтберген және Эдуард Цой.

    Жамбылдық спортшылар Азия құрлығындағы айтулы бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, ұлттық құраманың жүлдесіне өз үлестерін қосты.

    Күміс жүлдегерлерді елге оралуымен спорт саласының өкілдері, жақындары мен жанкүйерлері құттықтап, жеңісті жолына сәттілік тіледі.

    Бұл жетістік – Жамбыл облысында су добын дамыту бағытындағы жұмыстардың және өңір спортшыларының жоғары деңгейдегі дайындығының нәтижесін көрсетеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары