
2026 жылдың 1 қазанында Мемлекеттік қазынашылық комитетінде қазынашылық жүйесінде ұзақ жылдар еңбек етіп, бүгінде зейнет демалысына шыққан ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Салтанатты іс-шараны Комитет төрағасы Рахат Тоқбаев ашып, ардагерлерге жылы лебізін білдірді.
Кездесу дәстүрлі форматтан бөлек, таныстырылым түрінде ұйымдастырылды. Комитет төрағасының орынбасары Айгүл Байгужина Комитеттің алдағы даму бағыттары мен перспективалары туралы кеңінен баяндады. Ардагерлерге цифрлық теңге, Мемлекет басшысы қойған міндеттер және қазынашылық жүйесін одан әрі цифрландыру бағытындағы жұмыстар таныстырылды.
Кездесу барысында ардагерлер назарына қазынашылық жүйесінің тарихынан сыр шертетін архивтік бейнематериалдар мен фотосуреттер ұсынылды. Жылы жүздесу естелікке толы сәттермен жалғасып, ардагерлер мен комитет ұжымы бірге ән шырқады.
Бұл кездесу – қазынашылық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан аға буынға деген құрметтің және ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болды.








