Қызылорда қаласының аумағында ағымдағы жылдың 5 қазаны мен 5 қарашасы аралығында «Қауіпсіз үй» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері «Отбасын қолдау орталығының» мамандарымен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жиі ұшырайтын отбасылардың мекенжайларын аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Негізгі мақсат – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін дер кезінде анықтау және азаматтарға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Полиция қызметкерлері отбасындағы қауіпсіздік пен өзара сыйластықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, құқықтық кеңестер берді.





