Қарақия ауданында Ұстаздар күні салтанатты түрде аталып өтті

    Қарақия ауданында Ұстаздар күні салтанатты түрде аталып өтті

    Жыл сайын елімізде дәстүрлі түрде аталып өтетін Ұстаздар күні мерекесіне орай Қарақия ауданында салтанатты жиын ұйымдастырылып, білім беру саласының қызметкерлері лайықты марапатқа ие болды. Рухани ағартушылық жолында аянбай еңбек еткен ардақты мамандық иелерін құттықтауға арналған шара жоғары деңгейде өтті.

    Салтанатты жиынның басты сәті – аудан әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың ұстаздар қауымына арналған жүрекжақты құттықтау сөзі болды. Аудан басшысы өз сөзінде ұстаздық жолдың қастерлі әрі жауапты екеніне ерекше тоқталып, өңірдегі білім беру сапасын арттыруға, жас ұрпақты сапалы тәрбиелеу мен оқытуға сүбелі үлес қосып жүрген барлық педагогтерге шынайы алғысын білдірді.

    Мерекелік шара барысында ауданның білім саласында табысты еңбек етіп жүрген бір топ озық тәжірибелі ұстаздарға ҚР оқу ағарту министрінің, Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаттары және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды. Сондай-ақ, шақырылған қонақтар мен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары