
Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар аулаларды абаттандыру, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын күрделі жөндеу, әлеуметтік көмек көрсету, жол жөндеу сондай-ақ жер телімдерін заңдастыру мәселелерін көтерді.
Қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеді. Әрбір сұрақ бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын тұрақты бақылауға алу тапсырылды.
- Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мәселесіне бейжай қарамау біздің басты міндетіміз. Көтерілген барлық сұрақтар бақылауда болады және кезең-кезеңімен өз шешімін табады, – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.









