Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жария тыңдаулар өткізілетіндігін мәлімдейді.

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті алдағы уақытта ішкі рейстерде әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қызметі бойынша бағаның көтерілетіні туралы «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС хабарламасын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетіндігін мәлімдейді.

    Жария тыңдаулар ZOOM арқылы онлайн режимінде 2026 жылғы 16 қазанда сағат 15-00-деөткізіледі(конференция идентификаторы: 828 4749 4627, кіру коды: 748313).

    Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

    Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-18; +7 701 767 50 56.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" жаңалықтары