Кәсіпкерлермен кездесу!

    Кәсіпкерлермен кездесу!

    7 қазан күні сағат 11:00-де Рудный қаласы, 50 лет Октября 5А мекенжайында, кәсіпкерлікті дамыту қорының Мобильді фронт-офисі аясында кәсіпкерлермен кездесу өтеді.
    Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары, қаржыландыру шарттары, жеңілдетілген несие беру және бизнесті дамыту құралдары бойынша сол жерде қажетті кеңестер мен консультациялар ала алады.
    Мобильді фронт-офис жұмысына келесі ұйымдардың өкілдері қатысады:
    • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ;
    • «Атамекен» РПП;
    • «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ;
    • «ҚазАгроҚаржы» АҚ;
    • «Банк Центр Кредит» АҚ;
    • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;
    • «Нұрбанк» АҚ;
    • «Отбасы банк» АҚ.

    Кездесуге жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді, жеке кәсіпкерлерді, ЖШС, шаруа қожалықтарының өкілдерін, жеке тұлғаларды және барлық ниет білдірушілерді шақырамыз!
    Кездесу барысында қаржыландыру, мемлекеттік қолдау шаралары және бизнесті дамыту мәселелері бойынша қаржы ұйымдарының өкілдеріне өз сұрақтарыңызды қойып, қажетті ақпарат пен кеңес ала аласыз.
    Осыған байланысты кездесуге қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-не +7 (71431) 4-56-52 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Рудный қаласының әкімдігі" жаңалықтары