
Алматы-1 вокзалында ғимаратты және оған іргелес аумақты жаңарту жұмыстары аяқталуда. Вокзал кеңістігі жолаушылардың қажеттіліктерін ескере отырып өзгеруде – күту аймақтары кеңейіп, қауіпсіз және ыңғайлы жағдайлар жасалуда.
Жаңартылған ғимараттың ауданы 17 мың шаршы метрден асады. Ішінде жолаушылар кеңістігін ұйымдастыру қайта қаралып, күту залы кеңейтілді, жаңа эскалаторлар, лифттер мен ақпараттық таблолар орнатылды. Ғимаратта заманауи инженерлік жабдықтар орнатылған. Ерекше қажеттілігі бар жолаушылардың нысанға қолжетімділігін және жолаушыларға баламен саяхаттауға ыңғайлы болуы үшін жағдай жасалуда. Ғимараттың төменгі бөлігінде, коммерциялық нүктелер орналасады.
Жолаушылар үшін модульдік қонақ бөлмелері қарастырылған, сонымен қатар теміржол мұражайы ашылады.
Вокзал алдындағы аумақ та өзгереді. Тұрақ аймағының орнына ағаштар мен гүлзарлары бар абаттандырылған аллея жасалады. Мұнда орындықтар мен демалыс орындары пайда болып, ақпараттық тақта орнатылады. Аумақ вокзалдың жолаушылар кеңістігінің жалғасы және ыңғайлы қалалық аймақ болады.
Конкорс жаңартылады: құрылғысы күшейтіліп, әйнек элементтері қолданылады. Ғимаратта заманауи материалдар қолданылып, шатыр мен қасбет жаңартылады, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіледі.
Нысанда жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Күндізгі ауысымда 407 адам, түнгі ауысымда 68 адам жұмылдырылуда. Нысанда арнайы техника жұмыс істейді.






